Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күн күрт жылынса, еліміздің бірнеше өңірлерін су басып қалуы мүмкін

Опубликовано:

Еліміздің құтқару қызметі көтемгі тасқын алдандағы дайындықтарын күшейтіп жатыр. Бұған дейін бірнеше өңірде күн күрт жылынса судың деңгейін көтеріліп, тұрғын үйлерді басып қалуы мүмкін деген болжам жасалған.

Әсіресе Ақтөбе мен Батыс Қазақстан облыстарында биыл қар мөлшерден бірнеше есе артық жауғаны белгілі. Енді ондаған елді-мекеннің қызыл су астында қалу қаупі бар.

Қазір Ақтөбеде комуналдық мекемелер күні-түні жұмыс істеуде. Соңғы 3 апта ішінде қала сыртына 200 мың тонна қар шығарылған. Бұрын- соңды мұнша қарды тасып көрмедік дейді әкімдіктегілер. Тіпті полигонға қардың сыймағаны сонша, қазір қосымша тағы біреуі ашылды.

"Қазводхоз" мекемесі өкілдерінің айтуынша, су қоймаларындағы ылғалдың деңгейін күнде өлшеп отыр. Аймақтағы екі аудан, атап айтқанда Ырғыз бен Ойылды су басып қалу қаупі бар.

Сондай-ақ жалпы Ақтөбе облысы бойынша 59 әлеуметтік нысан мықты бақылауда болады. Себебі бұлар да күн бірден жылынса қызыл судың астында қалуы ықтимал. Әзірге комуналдық мекемелер синоптиктердің болжамын көңілге медеу тұтып отыр. Себебі, жуық арада күн күрт жылынбайды екен.

Жайықтың ернеуінен асып кетпеуін ойлаған Батыс Қазақстанның құтқару қызметі тасқынға дайындықтарын екі ай бұрын бастап кетті. Сондай-ақ, өзенге кеп құятын сағалар мен шағын көлдер де үнемі бақылауда. Өйткені, үш жыл бұрыңғы апат осы аса үлкен қауіп тудырмаған аймақтардан келген. Сол кезде 38 елдімекенді су басып, талай адам баспанасыз қалған болатын.

Биылғы күзде жаңбыр да жылдағыдан көп жауды. Соның әсерінен топырақ әбден жіпсіп, оған енді еріген қар араласса арты тасқынға ұласу қаупі төніп тұр. Құтқарушылардың ерте қимылдауына түрті болған себептердің бірі осы. Қазір батысқазақстандық шенеуніктер апаттың алдын алу шараларына 152 млн теңге алды.

Жанар-жағармай, құм мен шағыл тастардың қажетті қоры жинақталуда. Арнайы жасақталған топтар енді алдағы бір аптаның ішінде бәріне сақадай-сай отырмақ.

Оңтүстік Қазақстандықтар да дайындықтарын пысықтаудауда. Аудандарда арықтардың жағасы түгел бекітілді. Министрдің өзі Сырдарияның жиегін әуеден бірнеше мәрте шолып шықты. Селдің кесірінен кептеліс болып, су арнасынан асып кетпес үшін, қазір өзендердегі мұздар да жарылып жатыр.

Мәселен, өткенде Арыс ауданында бірнеше жылқы суға батқан болатын. Осыдан кейін жергілікті әкімдіктер қатаң ескерту алып, сақтық шараларына салғырт қарамауға тырысуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/306140-kyn-kyrt-zhylynsa-elimizdin-birneshe-onirlerin-su-basyp-kaluy-mymkin/

pixel