Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда Бекзат Саттархановтың өміріне арналған көркем фильм түсіріле бастады

Опубликовано:

Алматыда Олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановтың өміріне арналған көркем фильмнің түсірілімі басталды.

Бұл фильм Тәуелсіз Қазақстанның 2000 жылы Сидней Олимпиадасында алтын медал жеңіп алған тұңғыш қазақ боксерінің қысқа да болса, мәнді ғұмырын баяндайды.

Фильмді авторлары спортшының 35 жылдығына арнап биыл күзде жарыққа шығаруды жоспарлап отыр. Басты рөлді "Жаужүрек мың бала" тарихи драмасы арқылы танымал жас актер Асылхан Төлепов сомдайды. Жаста болса қазақ киносына өз үлесін қосып үлгерген Асылхан қазір фильмде Ермахан Ибрагимовты сомдайтын досы, әрі әріптесі Аян Өтепбергенмен күніне төрт сағаттан кәсіби боксшылармен жаттығуда.

Фильмнің режиссері Ермек Шахметов бұл фильмде жиырмаға жуық Қазақстанның кино және театрының танымал актерлерінің басын қоспақ. Олардың ішінде Майра Омар, Нұрлан Әлімжан, Тұрсын Құралиев, Саят Исембаев, Бақтияр Қожа, Еркебұлан Дайыров, Жандос Айбасов сынды актерлер басты рөлдерді сомдайды.

Сонымен қатар фильмде тележүргізуші Артур Төлепов, "Қазақ аруының" бірінші вице-миссі Нәзерке Өмірова және әлем бойынша танымал Street WorkOut спорт түрінің үздіктерінің бірі украиналық Денис Минин ойнайды.

Фильнің түсірілімі Алматы қаласымен қатар кезінде Бекзаттың жарысқа қатысқан елі Турция, Олимпиада өткен Аустралияда өтпек. Сонымен қатар түсірілім тобы Бекзаттың туған жері Түркістанға да барады.

Бекзат Саттарханов 2000 жылдың 31 желтоқсанында жол-көлік апатынан көз жұмды. Көзі тірі болғанда есімі аңызға айналған спортшы 2015 жылдың 4 сәуірінде 35 жасқа толар еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/308399-almatyda-bekzat-sattarhanovtyn-omirine-arnalgan-korkem-film-tysirile-bastady/

pixel