RU

Қайрат Нұртас Александр Зацепиннің "Мама" әніне бейнебаян түсіреді

Қайрат Нұртас "Ана" әніне бейнебаян түсіруде. Бұл Александр Зацепиннің "Мама" әнінің қазақша нұсқасы, деп хабарлады BNews.kz тілшісіне әншінің анасы әрі продюсері Гүлзира Айдаралиева.

"Біз "Ана" әніне бейнебаян түсірудеміз. Бұл әнді "Тақиялы періште" фильмінде Бибігүл Төлегенова орындаған болатын. Бірақ ол "Мама" деп аталатын. Біз Александр Зацепиннен бұл өлеңнің эксклюзивтік құқығын сатып алдық, ресми келісімшарт бекіттік. Қайрат бұл әнді "Мама" емес, "Ана" деп қазақша орындады", - деді Г.Айдаралиева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/308591-kajrat-nyrtas-aleksandr-zaczepinnin-mama-enine-bejnebayan-tysiredi.html