Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астаналық кәсіпкер Қытайға кептер етін тасымалдамақ

Опубликовано:

Астана қаласының тұрғыны Николай Семенов Қытайға кептер етін тасымалдауды жоспарлап отыр. Оныңайтуынша, кептер еті кальций, магний, фосфор мен түрлі дәрумендерге толы көрінеді.

Сонымен қатар, аталған құс еті өзінің диеталық қасиеттерімен де ерекше. 100 грамм етте 142 калорий ғана бар.

“Құс баптаушыларымыз кептерлерді тек сән үшін, эстетикалық мақсатта өсіреді. Олар кептерлерді қызықтап, бір-бірінен асып түссе дейді. Бұл хобби секілді. Сондықтан, одан еш қаржы жағынан пайда жоқ. Ал, мен өзім үшін құс өсірсем де, етін экспортқа шығарғым келеді”, – дейді Николай.

Құс баптаушы өз жоспарларымен де бөлісті.

“Үрімшіде танысым ресторанда жұмыс істейді. Оның айтуынша, Қытай Халық Республикасында кептер еті үлкен сұранысқа ие деликатес болып саналады. Оны саңырауқұлақ, картоп, көкөністер және мен қызыл шараппен ұсынады. Сондықтан, кептер өсіріп, оның етін Қытайға жеткізуді жоспарлап отырмын”, – деді ол.

Николай Семеновтың айтуынша, кептер етін Ресейде, Украина, Германияда да ұнатады. Ал, Қазақстанда бұл өнімді ешкім пайдаланбайды. Николай шетелге кептердің “көбелек” тұқымын апармақшы. Бұл кептердің ірі түрі. Ал, әзірге астаналық түрғынның 20-дан астам көгершіні бар. Дегенмен, құс баптаушының бұл ойын "кептер – тауық емес, жан құсы" деп есептейтін әріптестері қолдамай отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/308637-astanalyk-kesipker-kytajga-kepter-etin-tasymaldamak/

pixel