RU

Ұлыбритания астанасын қалың тұман басты

Британия астанасы Лондонды қалың тұман басты. Сарапшылар мұны Сахара шөлінен келген шаң-тозаңның салдары деп санайды.

Ауаның ластануына Еуропадағы өндірістік қалдықтар да кесірін тигізіп отыр, деп хабарлайды 24.kz.

Бұдан зардап шеккен ұлыбританиялық 3 мыңнан астам тұрғын медициналық көмекке жүгінген. Ал экологтардың болжамы бойынша, алдағы уақытта ауаның ластану деңгейі арта түспек. Қолайсыздық әсіресе, елдің шығыс аудандарында аса қатты сезіліп тұр.

Ауаның ластануы соңғы кезде Германия мен Францияны да алаңдата бастады. Жағымсыз жағдай әсіресе, тыныс алу органы ауыратын науқастардың жанына батып жүр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/308707-ylybritaniya-astanasyn-kalyn-tyman-basty.html