RU

Банан жуырда қымбаттап, дүкен сөрелерінде азайып кетуі мүмкін

Көптің таңдана жейтін жемісі - банан жуырда қымбаттап, дүкен сөрелерінде азайып кетуі мүмкін. Өйткені Оңтүстік- Шығыс Азияның алқабынан табылған мутациялық саңырауқұлақ банан алқаптарына тез тарап жатыр.

Бүгіннің өзінде ол Таяу Шығыс пен Африка жеріне жетті. Осылайша, құны 9 миллиард долларға жуық тұратын нарық айналымы қауіпке тап болды. Экзотикалық өсімдіктің тағдыры жайлы Біріккен Ұлттар ұйымының сауда-саттық және ауыл шаруашылығы ұйымы хабарлады.

Саңырауқұлақ банан ағаштарының тамырын зақымдайтыны анықталды. Ал бананды ірі көлемде экспорттаушы - Эквадор, Коста-Рика және Колумбия сияқты Латын Америкасы мемлекеттерінен әлі улы саңырауқұлақ анықталған жоқ. Бірақ қауіп Иордания және Мозамбикке дейін жетіп үлгерген.

Мамандардың есебінше, банан әлемде тез сатылып кететін, жоғары сұранысқа ие жеміс. 2011 жылы 18,7 миллион тонна банан саудаға түскен.

Негізгі импорттаушы елдер АҚШ пен Бельгия болса, экспорттаушы - Эквадор, ал басты өндіруші - Үндістан мемлекеті. Сондықтан жуық арада алма немесе өзге жеміс сатылымының артуы әбден мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/309539-banan-zhuyrda-kymbattap-dyken-sorelerinde-azajyp-ketui-mymkin.html