Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарамағындағы қызға қырындаған бас салықшы қызметінен қуылды

Опубликовано:

Ақтөбе облысында аудандық салық басқармасының бастығы қарамағындағы келіншекке қырындағаны үшін қызметінен қуылды, деп хабарлайды BNews.kz

Шалқар ауданындағы салық басқармасына жетекшілік ететін Жұмабаев өзінің орынбасары Айымбетовамен көңілдес екені белгілі болды. Аудандағы бас салықшы әріптесіне күн-түн демей түрлі ғашықтық смс хабарламаларын жіберіп, ақыры оның отбасын ажырастырып тынған.

Бұған ашынған келіншектің енесі бас салықшының үстінен "Нұр Отан" партиясына шағымданып, мемлекеттік қызметкердің жұмысынан қуылуын талап етіпті.

Оның ісі облыстық тәртіптік кеңестің кезекті отырысында қаралды. Жұмабаевтың қарамағандағы орынбасарына қырындаудан өзге, қызметінде де бірқатар олқылықтар табылды.

Заң бұзған азаматтарды жауапқа тарту үшін протоколдар уақытылы толтырылмаған. Кеңес мүшелері енді оны қызметінен қуып, билік партиясының құрамынан шығаруға бір ауыздан келісті.

Қазақ тіліндегі басқа да ел және әлем жаңалықтарын оқыңыздар

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/309830-karamagyndagy-kyzga-kyryndagan-bas-salykshy-kyzmetinen-kuyldy/

pixel