RU

Адам миы 24 жастан бастап қартая бастайды

Көпшілік пайдаланатын StarCraft 2 ойыны платформасының арқасында қажетті статистикалық мәліметтерді жинау мүмкін болды, деп жазады шетелдік БАҚ.

Канадалық ғалымдар StarCraft 2 ойынының көмегімен адам миының нақты қай кезден бастап қартая бастайтынын анықтаған.

Белгілі realtime-стратегиясының үш мыңнан астам ойыншысының мәліметтерін іріктеп алып, ғалымдар ойыншылардың миының 16-дан 44 жасқа дейінгі белсенділігі жайлы көп ақпарат жинаған.

Сараптаманың арқасында мидың есею мен қартаю арасындағы шегі 24 жаста екен. Ал 39 бен 24 жастағы ойыншылар арасындағы реакцияның кідірісі 150 миллисекундты құраған.

Еске сала кетейік, ғалымдар компьютерлік ойындардың бас миын дамытуда пайдасы бар екендігін дәлелдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/310132-adam-miy-24-zhastan-bastap-kartaya-bastajdy.html