RU

Кристиан Лабутен Анджелина Джолиге арнап эксклюзивті туфли жасап шығарды (фото)

Анджелина Джоли жақында "Малефисента" фантастикалық ертегісіне түсіп, зұлым күш иесінің рөлін сәтті сомдап шыққан болатын.

Голливуд жұлдызының шеберлігіне тәнті болған атақты аяқ-киім дизайнері Кристиан Лабутен актрисаға арнап эксклюзивті туфли жасап шығарды.

Анджелина Джоли Кристиан Лабутен сыйға тартқан аяқ киімді киіп, әлемдік саяхатқа аттанды. Актриса Еуропаның бірнеше елінде өткен фильмнің премьерасына өзі арнайы қатысты. Қызыл кілемнің үстінен жүріп өткен голливуд жұлдызының эксклюзивті туфлиін байқамай қалу мүмкін болмады.

Туфли Малофисента ертегісіндегі басты кейіпкердің мүйізіне ұқсатып жасалған. Әзірге, Анджелина Джоли аяқ-киімнің тек ақ және қара түсті модельдерін ғана көрсетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/313919-kristian-labuten-andzhelina-dzholige-arnap-eksklyuzivti-tufli-zhasap-shygardy-foto.html