RU

Toyota әлемдегі ең қымбат автомобиль маркасы атанды

Toyota әлемдегі ең қымбат автомобиль маркасы атанды. Сөйтіп жапондық бренд немістің BMW мен Mercedes-Benz-ін артта қалдырды, деп хабарлады Automotive News порталы.

Маркалар рейтингісін Millward Brown Group британдық зерттеу желісінің үлестес Millward Brown Optimor компаниясы жасаған.

Сарапшылар Toyota брендін $29,6 млрд бағалаған. Бұл 2013 жылғы көрсеткіштен 21% артық. Десек те, өткен жылы да жапондық марка көш бастаған еді.

BMW бренді $25,7 млрд (+20%) бағаланып 2-орыннан, ал $21,5 млрд көрсеткішімен Mercedes-Benz 3-орыннан көрінді. Сондай-ақ, үздік бестікке Honda ($14,1 млрд) мен Ford ($11,8 млрд) маркалары енді.

5-орын мен 10-орын аралығында тұрақтағандар мыналар: Nissan ($11,1 млрд), Volkswagen ($8,4 млрд), Audi ($7,1 млрд), Chevrolet ($4,9 млрд) және Hyundai ($4,6 млрд).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/314589-toyota-elemdegi-en-kymbat-avtomobil-markasy-atandy.html