RU

Оралда суға батып кеткен ағайындылардың денелері табылды

Осыдан бірнеше күн бұрын Жайық өзеніне батып кеткен ағайынды балалардың денесі табылды.

Жасөспірімдердің денелері таңертең Жайық бетіне қалқып шықты. Бұл туралы суда құқтарушылар мәлімдеді.

"Бір баланың денесі Коминтерн ауылынан 1 шақырым төмен ағыстан, екіншісі жаңа көпір маңында табылды. Денелер туыстары мен полиция қызметкерлеріне тапсырылды", - деді мекеме өкілдері.

16 жасар Мирлан Бисенғалиев пен оның 14 жасар інісі Орынбасар Қайырқұлов осыдан 4 күн бұрын жоғалып кеткен еді. Осы уақыт бойы ұйымдастырылған іздеу шаралары еш нәтиже бермеді.

Куәгерлердің айтуынша, 26 мамыр күні жасөспірімдер өзенге шомылуға барған. Әуелі суға түскен інісі бата бастағанда, ағасы оны құтқармақ болады.

Сөйтіп, екеуі де ағысты бағындыра алмай, суға батып кетеді. Құқтарушылар ата-аналарға балаларын рұқсат етілмеген жерге суға түсуге жібермеуін өтінуде.

Жыл басынан Батыс Қазақстан облысында 8 адам суға кетті, оның үшеуі бала.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/315809-oralda-suga-batyp-ketken-agajyndylardyn-deneleri-tabyldy.html