Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Академик: Жасты ұзартатын эликсир шығару деген болмай­тын нәрсе

Опубликовано:

"Айқын" газеті Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шармановқа адамның жасын ұлғайтатын, жа­сартып жіберетін эликсир ойлап табу қаншалықты шындыққа жанасады деген сауалын қойды.

Академик дене қимылымен қатар, дұрыс та­мақ­тануға және жасыңа лайықты тағамдарды пайдалануға кеңес берді.

"Осылай жасыңды ұзар­туға болады. Жасартып жіберетін, жасты ұзартатын эликсир шығару деген болмай­тын нәрсе", - деген пікірде ғалым.

Ол өмір сүру ұзақтығы адамның күтіміне байланысты. Ең бастысы, адамның жүйке-жүйесі қалыпты болуы тиіс. Мысалы, қызғаныш, көре алмау­шылық адамды аздырып жібереді, тез қартаюға алып келеді дейді ол.

"Адамдарға жаман­дық ойлама, төңірегіңде жақсылық қана жаса, оны дарыта жүр. Ортаға пайдаң тиетін болса, ұйқың да тыныш, жүйкең де тозбайды. Жақсылық ойлаған адамды жақсылық күтіп тұрады", - дейді Шарманов.

Ғалым сондай-ақ бүгінгі таңда жастар ара­сында ет жемейтін вегетариандықтардың көбею үрдісін қолдайтынын жеткізді.

Еттен бас тарту денсаулыққа әсер етпей ме деген сауалға ол: "Қайта мен оны құптаймын. Ата-аналар балаларының ет жемейтінін айтып, алаңдағанда "несіне қорқа­сың­дар?" деймін. Қайта денсаулығына жақ­сы, асқорытуы үшін, жүріп-тұруына жеңіл болатынын айтамын. Ал үлкен кісілерге шама келгенше ет жеуден бас тарту керек. Дәмі тартымды деп жейді де, етті жиі жегеннен өздерінің ауырлап қа­латынын байқамайды, жүріс-тұрысы нашарлап кетеді, қимылдауының өзі қиындап, жата бергісі келеді, содан салмақ та қосыла бермек. Үлкен кісілерде екі қауіп бар: бірі – салмақтың азайып кетуі, екіншісі – салмақтың артуы. Аза­йып кету – адамның бұлшық етінің на­шарлауы. Ал толысу майдың көбінен болады. Яғни салмақтың азайғаны да, көбейгені де – қауіпті. Қайта дене қи­мылы арқылы осы салмақты сақтап қалу керек", - деген кеңес берді Төрегелді Шарманов.

Сонымен қатар ғалым гендік модификацияланған өнімдерден қорықпауға шақырды.

"Оның еш зияны жоқ дүние. Көпшілік қате ойлайды немесе кейбіреулері әдейі қа­телестіреді. Модификацияланған өнім – ішінде пайдалы дәрумендері көбейтіліп, жақсартылған өнімдер. Генді өзгерту үшін генді модификацияланған факторды үлкен инженерлік әсермен ғана кіргізеді. Адамның ғана емес, өсімдіктердің, жан-жануарлардың клеткасы бірнеше қабат қорғалған, оған кіруі мүмкін емес. Қанша тырыссаң да кіргізе алмайсың", - деді ол.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/317234-akademik-zhasty-yzartatyn-eliksir-shygaru-degen-bolmajtyn-nerse/

pixel