Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көк Жайлау" тау-шаңғы демалыс орны баршаға қолжетімді болмақ

Опубликовано:

"Көк Жайлау" тау-шаңғы курортында балалар мен қарттар, спортшылар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға барлық жағдай жасалмақ.

Жобаның әлеуметтік маңызы бүгін шипажайға қатысты құрылған қоғамдық кеңесте талқыланды. Жоба авторлары демалыс орны кез келген адамға қол-жетімді болады деп отыр.

Алматы қалалық туризм басқармасы және мүмкіндігі шектеулі жандар мен ауған соғысының жауынгерлері ұйымдары былтыр серіктестік туралы меморандумға қол қойған. Оған сәйкес тау-шаңғы курортын салу кезінде жобалаушылар мүмкіндігі шектеулі жандар мен ардагерлердің демалуына жағдай жасайтын болады.

"Көк Жайлау" тау-шаңғы курортының атқарушы директоры Люк Маршанның айтуынша, баспалдақтар аз болып, қажет жерлерде арнайы көтергіштер мен пандустар орнатылады. Мүмкіндігі шектеулі жандар тіпті шипажайдағы арқан жолдарды еш кедергісіз қолдана алады.

"Көк Жайлауға" кіру тегін болмақ. Ал мүгедек жандар тіпті арқан жолмен көтергіш құралдарды тегін пайдаланады. Шипажайдың жобалық-сметалақ құжаты дайын. Жобалаушылар 94 жобаны шау-шаңғы инфрақұрылымын дайындап бітті.

Жоба бойынша 20 мың жұмыс орны ашылмақ. Құрылыс 2016-шы жылы аяқталады деп жоспарлануда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/320145-kok-zhajlau-tau-shangy-demalys-orny-barshaga-kolzhetimdi-bolmak/

pixel