Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мұстафа шехзаде енді түрік телехикаяларына түспейді

Опубликовано:

"Сүлеймен сұлтан" телехикаясындағы Мұстафа шехзаденің рөлін сомдаған актер Мехмет Гюнсур енді түрік телехикаяларына түспеуі мүмкін. Атақты актер қазір "Шепни, если забуду" атты жаңа картинаға түсіп жатыр.

Фильм 2014 жылдың 29 қазанында экранға жол тартады. Түрік актері Мехмет Гюнсурдың жаңа фильмнің түсірілімінен кейін сәл үзіліс жасамақ ойы бар. Ол сүйікті жарымен бірге Италия еліне барып демалып қайтуды жоспарлап отыр.

Әзірге актер түрік кинематографистерінен келіп түскен ұсыныстардың ешқайсысын қабылдамай жүрген көрінеді. Алдағы уақытта оның итальяндық фильмдерге түспек ойы бар екен.

Айта кетейік, Мехмет Гюнсур 2006 жылы итальяндық Катерина Монджиоға үйленген болатын. Қазір отбасылық жұп үш бала тәрбиелеп отыр деп жазады Lite.BNews.kz.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/325481-mystafa-shehzade-endi-tyrik-telehikayalaryna-tyspejdi/

pixel