RU

Қазақстанда жоғары білім қанша тұрады?

Ұлттық бірыңғай тестілеу мен кешенді тестілеу аяқталып, тіпті мемлекеттің білім беру гранттарын тағайындау да аяқталып болды.

"Ат шаба ма, бақ шаба ма?" демекші, жолы болған талапкерлер білім беру гранттарына ие болды. Бірақ өкінішке орай, жоғары баллды ала тұра, тегін оқуға қолы жетпегендер де жетерлік.

Қазір барлық ЖОО-ларда тегін әрі ақылы оқуға тапсыратын талапкерлерден құжаттарды қабыдлау науқаны қызу жүріп жатыр.

Осыған байланысты NUR.KZ тілшісі Қазақстандағы ең үлкен сұранысқа ие жоғары оқу орындарында білім алудың бір жылдық ақысын біліп қайтқан еді.

Қазақстан бойынша университет пен академияда бакалавр дәрежесі бойынша білім алудың орташа бағасы 300 000 теңге мен 10 000 АҚШ доллары аралығында екен.

Қазірге Қазақстан бойынша бағасы ең қымбаты - Астанадағы Назарбаев университеті. Онда негізінен грант бойынша оқуға түскендер білім алады. Тегін оқуға ілікпей қалған, ғылыммен айнгалысамын деушілерге жылына 3 843 000 теңге яғни 21 000 АҚШ долларын төлеуге тура келеді.

Алматыдағы ең қымбат жоғары оқу орындарының алды болып тұрған Қазақстан-Британ Техникалық Университеті мен Қазақстандық менеджмент жәнеэкономика, болжауинституты.

Мысалы, ҚБТУ-дағы ең қымбат оқу ақысы 10 000 АҚШ долларға жетеді. Ең арзаны 700 000 теңге екен. Ал ҚМЭБИ-де - 7400 АҚШ доллары, яғни 1 354 200 теңге жуық сома. Мұның барлығы кешенді тестілеуден 50 мен 69 аралығындағы балл жинаған талапкерлер үшін.

Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетіндегі бір жылдық оқу ақысы 650 000 теңге мен 710 000 теңге аралығындағы соманы құрайды.

Ал Алматыдағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі білім алу бағасы жылына 620 000 теңгеден басталып, 700 000 теңгеге дейін барады.

Алматыдағы  С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетіндегі Жалпы медицина мен стоматология мамандықтары бойынша білім алу 770 000 теңге тұрады.

Алматыдағы ең арзан жоғары оқу орындары ретінде Орталық-Азияуниверистеті мен Қазақ мемлекеттік қыздар педогогикалық университетін атауға болады.

Мысалы, ОАУ-да бір жылдық оқу ақысы 200 000 теңге мен 240 000 теңге аралығында. Ал ҚМҚПУ-да 320 000 теңге мен  370 000 теңге аралығындағы соманы құрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/327479-kazakstanda-zhogary-bilim-kansha-tyrady.html