RU

Иллюзионист Алтынайдың өнерін сіңлісі Ләззат Байтоқанова жалғастырады (видео)

Ләззат Байтоқанова Алтынай әпкесінің қасында он жылға жуық бірге жүріп, иллюзионистердің өнеріне біраз қанық болғаны белгілі.

Бүгінде кіші Байтоқанова Алтынайдың сахнадағы ерекше қойылымдарын, сағынған көрерменімен қайта қауыштырды деп хабарлайды NUR.KZ.

2-3 секундта бір киімді екіншісіне ауыстырып үлгеретін ерекше өнерімен халықтың жүрегінің төрінен орын алған Алтынайдың жарқын жүзі әлі күнге көрерменнің есінде.

"Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырса?", - деп Абай атамыз осындай өзі өмірден өткенімен, артында өнері қалған Алтынай сияқты жандарға айтқан болса керек.Ләззат Байтоқанова әпкесінің жылдық асын өткізгеннен бастап сахнаға шыға бастады. Алтынайдың көзі тірісінде тәрбиелеген жалғыз шәкірті сахнаға осы өнерді дамыта, алып шығуға міндетті екеніне сенімді.

Бұған дейін әпкесіне арқа сүйеп үйренген қыз барлық жұмыс өзіне жүктелгеніне алғашында біраз үйренісе алмаған. Жаңа қойылымдар мен дайындықтарға Алтынайдың өмірдегі және өнердегі достары қаржылай қолдау көрсетіп отыр екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/327815-illyuzionist-altynajdyn-onerin-sinlisi-lezzat-bajtokanova-zhalgastyrady-video.html