RU

Мұғалім сынған компьютер үшін оқушылдардан жеке куәліктерін алып қойды

Атырау облысында мектеп мұғалімі екі оқушыдан жеке куәліктерін заңсыз алып қойғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды деп хабарлайды өңірлік прокуратураның баспасөз қызметі.

"Ата-аналар аудандық прокуратураға шағымданып, тексеру барысында 11 сыныптың 2 оқушысы математика кабинетінде тұрған компьютерді құлатып алып, мониторы сынып қалған.Мұғалім (сынып жетекшісі) ата-аналардан шығынды өтеу туралы қанша ескертсе де, нәтиже болмаған. Мұғалім екі оқушының жеке куәліктерін аттестат толтыру үшін алып қойып қайтармаған", - делінген хабарламада.

Тек Махамбет аудандық прокуратурасының араласуынан кейін ғана жеке куәліктер иелеріне қайтарылды.

Махамбет аудандық прокуратурасының бастауымен мектеп мұғалімі екі оқушыдан жеке куәліктерін заңсыз алып қойғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 379 бабының 1 бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/329646-mygalim-syngan-kompyuter-yshin-okushyldardan-zheke-kuelikterin-alyp-kojdy.html