RU

Оңтүстік Қазақстан облысында тіс дәрігері емделушіні зорлаған

Оңтүстік Қазақстан облысы Қарабұлақ ауылының тұрғындары құқық қорғау органдарының әрекетсіздігіне наразы.

 

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Арызданушының айтуынша, оның кәмелетке толмаған қызын тіс дәрігері қорлаған. Осы оқиғадан соң, екі ай уақыт өтсе де ешкім жазасын алмаған. Тіпті бұл қылмыстық істе қозғалған жоқ дейді зардап шегуші.

Тіс дәрігеріне қаралған Қарабұлақ ауылы тұрғынының тіс дәрігерге баруы қайғылы жағдаймен аяқталған. Тісі ауырған бойжеткен дәрігерге алғашқы екі күн анасымен бірге барады. Бірақ ем нәтижесін бермей, тісі ауыруын қоймаған.

Гүлчехраның айтуынша, артынан тіс дәрігері қоңырау шалып, тісін емдеу керектігін, бұл жолы анасын ертпей өзінің ғана келу керек екенін айтады.

"Мен дәрігерге анамды ертпей жалғыз бардым, дәрігер тісімнің ауырғаны басылатынын айтып бір укол салды. Ары қарай ештеңе есімде жоқ. Көзімді ашқанымда жанымда диванда жаңағы дәрігердің жатқанын көрдім. Не болып жатқанын сұрап, үйге жіберуін өтіндім. Менің жылап, шыңғырғаныма қарамастан күшпен шешіндіре бастады. Қарсылық көрсеткенім үшін ұрған кезде, есімнен танып қалды. Ол мені өз үйінде 2 кун бойы күшпен ұстады,тек арасында ғана су беріп, өзінің пасық ойын ары қарай жалғастыра берді", - дейді Қарабұлақ ауылының тұрғыны Гүлчехра.

Менің жылап, шыңғырғаныма қарамастан күшпен шешіндіре бастады. Қарсылық көрсеткенім үшін ұрған кезде, есімнен танып қалды

Қыздың анасының айтуынша, іс-түссіз кеткен баласын екі күн бойы шарқ ұрып іздеген. Бірден полицияға қоңырау шалғанымен, жоғалған жеткіншекті іздеуге ешкім асықпаған. Ал Гүлчехра табылған соң, дәрігерге қаралып, сот-медициналық сараптамасынан өтіп, құзырлы орғандарға арыз да жазған.

"Полицияда "бәріне өзің кінәлі, 2 күн бойы қайда жүргеніңді кім білсін" деп- қызыма дауыс көтерген. Сараптама қызымның тазалығын көрсеткенімен, көк ала қойдай болған қызымның сөзіне ешкім сенген жоқ. Дәрігер кінәлі емес деп шығарып салды", - дейді қыздың анасы Саида.

Зардап шеккен қыздың жақындары полициядан осындай жауап естіген он бес жастағы қыз сірке суын ішіп, өзіне қол салмақ болыпты. Абырой болғанда аман қалған бойжеткен екі апта ауруханаға жатып шыққан.

Осы оқиғадан соң, екі ай өтсе де зорлау мен заңсыз адам ұстау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалмапты. Тәртіп сақшыларының айтуынша, қылмыс құрамы жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/332120-ontystik-kazakstan-oblysynda-tis-derigeri-emdelushini-zorlagan.html