RU

Ақтауда бомж қыз баланы ойыншық тапаншамен қорқытқан

Ақтауда белгісіз ер адам 23 жастағы қызға ойыншық тапаншамен қарақшылық шабуыл жасады.

Бұл туралы  "Лада" газетіне сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлайды.

Төтенше оқиға бірнеше күн бұрын облыс орталығындағы "Дана" дүкенінің жанында болды. Бір ер адам қыздың басына тапанша тақап, бар ақшасын беруді талап еткен. Қорқып кеткен қыз ер адамның айтқанын орындайды.

Жәбірленуші полицияға шағымданды, қарақшы көп ұзамай ұсталды. 29 жастағы ер адам үй-күйі жоқ азамат болып шықты. Оның ойыншық тапаншамен шабуыл жасағаны анықталды.

Аумақты тінтіген полицейлер ойыншық тапаншаны тапты. Саусақ іздері күдіктінікімен сәйкес келді. Бомж ойыншық тапаншаны балалардан ұрлап алыпты. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, оның үстінен "Қарақшылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Полицейлер мұны осы жылы жасалған ең ебедейсіз қылмыс деп отыр. Қарақшының алып кеткені - екі мың теңге, бұл әрекеті үшін ол үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/333433-aktauda-bomzh-kyz-balany-ojynshyk-tapanshamen-korkytkan.html