RU

Қызылордада бес адамды өрттен құтқарған азамат іздестіріліп жатыр (видео)

Қызылордада бес адамды өрттен құтқарып қалған азамат іздестіріліп жатыр. Белгісіз жан қаладағы көпқабатты үйлердің бірінің үш пәтерінен шыққан қызыл жалыннан, басын қатерге тігіп, тұрғындарды сыртқа аман-есен алып шыққан.

"Тұрғындардың пәтерлерде балалар қалды" дегенін естіген бір жас жігіт, бетін сулаған шүбірекпен жауып алады да, ішке кіріп кетеді. Баспалдақпен жоғары жүгірген ол жолай көк түтін сыртқа шықсын деп кіреберістегі терезелердің бәрін қолымен ұрып сындырады.

Пәтерлерінде қорқып қалғандарды сыртқа ертіп алып шығады. Қазір иіс тиіп, күйік шалғандар облыстық ауруханада жатыр. Ал, тұрғындар қазір сол көк түтінге сүңгіп кеткен жанкешті жігіттің, кім екенін іздестіруде.

"Бір азамат... дүние тұрғанша тұрсын. Анасына мың да бір рахмет. Тырнақтай бала сол оттың ішіне кіріп, дымсыз, үстінде киім жоқ, баламның майкасын алып, менің балам төртыншы этаждан тұншығып шықты. Пожарныйлар кіруге жарамады. Бұл пожарный. Оның не қажеті бар. Бір теңгеге де керек емес. Пәленбай ақша алады. Үстерінде шлемдері бар. Басқа кіруге жарамаған азаматтар. Өңшең отборный боцмандарды жинап алған", - дейді тұрғын Маржангүл Ақшалова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/333843-kyzylordada-bes-adamdy-ortten-kytkargan-azamat-izdestirilip-zhatyr-video.html