Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда хитқа айналған шетелдік әндер (фото)

Опубликовано:

Шетелдік әннің бағын қазақ әншісі ашты ма? Керісінше, шетелдің әні қазақ әншісінің бағына айналды ма? Қазақ эстрадасының біраз әншісі танымал әндерді қайталау немесе, танымал әншімен бірігіп ән айту арқылы өзін танытудың түрлі жолдарын іздейді.

Сондай-ақ, шоу-бизнесті емес той бизнесін бірінші мақсаты етіп алатын әншілер де бар. Яғни, олар тек аудармамен айналысады десе де болады. Бастысы тойға шақырту көп.

Қазақстанға танымал жұлдызды жұп Аиша мен Бүркіттің шығармашылығы той сұранысыдағы әндерге толы. Оларды түркі тілдес халықтардың биге ыңғайлы, ырғақты әндерін қазақшалап, казакша андер, шетелдерде бейнебаян түсірумен айналысады десек те болады.

Мысалы, бұл әншілер "Тәттімсің","Тау тау" әндерін түпнұсқасынан мұртын бұзбай қазақ қоғамына жеткізген. Сөз болған әндердің алғашқы нұсқасы.

Танымал әнші, той бизнесіндегі бірінші орынды ешкімге бермей келе жатқан Қайрат Нұртастың да біраз әндері алыс- жақын  көршілеріміз қарақалпақ, қырғыздардан көшірілген. "Жаңбыр төкті" әнінің қырғызша нұсқасы.

Әнші Сырым Исабаевта "Алдадың" әнін қырғыз әншісі Мирбек Атабековтан аударған болатын. Әннің Исабаев орындаған нұсқасы:

Ал мынау Қазақстанда танымал әнге айналған музыкалық шығарманың түпнұсқасы:

Қырғыздан "ұтымды аударылған" деуге келетін әндердің бірі Бейбіт Қорғанның орындауындағы "Шоқ қыздар" әні. Бұл ән екі жыл бұрын ел аузында, тойдан түспеді.

Қырғызша нұсқасы:

Әнші Ақылбек Жеменей "Қызыл өрік" әнін аударып алғаннан кейін, орындауға ұялғанын айтқан болатын. Кейіннен, бұл ән Жеменейдің кең байтақ еліміздегі біраз тойды аралауына себеп болған.

Салыстыру мақсатында "Қызыл өріктің" қырғызшасын тыңдағандардың көбі әннің не жайлы екенін осы нұсқасынан түсінгендерін айтқан болатын.

Ақылбек Жеменей хитке айналған "Қызыл өріктен" кейін  Қырғыздың Нұрлан Насип есімді әншісінен "Эркелетсенби" әнін "Еркелетейін" деп орындап көрді. Алайда бұл ән онша сұраныста болған жоқ.

Әнші Марсель де қырғыздың әнін "Асыл жаным-ай" деп аударып орындаған болатын.

"Кундор жанырат" әнін айырқалпақты көршіміз Мирбек Атабековтың орындауында салыстырып көрсеңіздер болады.

Ал "Жігіттер" квартеті бар әнші қырғыз сазгерлерінің әнін аңдып отырғанда, өзбек еліне бет алған. Олар өздеріне әрі тыңдармандарына жаңалық етіп "Сен жылама" әнін аударып орындады.

"Домажор" тобы "Жүрегімді жаралап алдың ғашығым" әнімен өздерін аздап болса да таныта білді. Әннің түрік тіліндегі нұсқасы:

Абай Бегей есімімен танылған әншінің "Аспанға қараймын" әнін керісінше кубалық "Sin frontera" тобы орындаған. Екі елдің әншілері қазір бұл әнді бірге орындап, бейнебаян да түсіріп үлгерді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/336679-kazakstanda-hitka-ajnalgan-sheteldik-ender-foto/

pixel