RU

Әйгілі боксшы Рой Джонс Қарағандыға келеді

Американың әйгілі боксшысы кіші Рой Джонс биылғы жылдың желтоқсан айында Геннадий Головкин туып-өскен Қарағанды өңіріне келуді жоспарлап отыр. Ол Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған турнирге қатысады.

 Бұл туралы  Vesti.kz сайтына сілтеме жасап bnews.kz хабарлайды.

XXI турнирді ұйымдастыру комитеті өкілдерінің хабарлауынша, Рой Джонс шақыруды шын ықыласымен қабыл алып, Геннадий Головкиннің балалық шағы өткен ортаны өз көзімен көруді бұрыннан жоспарлап жүргенін айтқан.

Биылғы турнир 16-21 желтоқсан аралығында Қарағандыда өтеді. Біріншілікке Қазақстандық боксшылардан бөлек, Ресей, Иран, ҚХР және Куба сынды әлемнің 13 мемлекетінен спортшылар қатысады.

Бұл турнир көптеген боксшымыздың жолын ашып, халықаралық ареналарға жолдама берді әрі Қазақстан боксының қарыштап дамуына өлшеусіз үлес қосты.

Турнирге қатысып, талай рет жүлдегерлер қатарынан көрінген боксшылар арасында Атланта олимпиадасының чемпионы Василий Жиров, Атланта олимпиадасының күмісін иеленген Болат Жұмаділов, Сидней олимпиадасының чемпионы Ермахан Ыбырайымов, WBC тұжырымындағы кәсіпқойлар арасында әлем чемпионы және 2005, 2007 жылғы әлем чемпионы Олег Маскаев, Вел Баркер кубогының иегері, олимпиада чемпионы Серік Сәпиев, Сидней олимпиадасының чемпионы, марқұм Бекзат Сәттарханов, кәсіпқой боксшылар арасында әлем чемпионы, Қазақстан мақтанышы Геннадий Головкин де бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/337087-ejgili-boksshy-roj-dzhons-karagandyga-keledi.html