RU

Ақтөбе облысында баланы 4 жыл бойы зорлаған педофил ағасы болып шықты

Ақтөбе облыстық Ішкі істер департаменті 13 жастағы ер баланы 4 жыл бойы зорлап келген педофилге қатысты қылмыстық іс қозғады.

Бұл туралы ВАктобе сайты хабарлайды.

4 жыл бойы балаға қорлық көрсетіп келген педофил жасөспірімнің ағасы болып шықты.

48 жастағы педофил 2010 жылдың қазаны мен 2014 жылдың шілдесі аралығында 13 жастағы ер баланы зорлап келген. Ол немере інісіне интернеттен агент ашып беремін деп алдаған екен. Кейін бала үйіне келгенде есікті кілттеп алып, оның қарсылығына қарамай, зорлапты. Екі айдан соң бала атасының үйіне қонбақ болғанда, ағасы де сол үйге ере барады.

Баланың анасы еш нәрседен күдіктенбей, оған көршімен бір төсекке салып берген. Сол түні ол тағы өзінің арам ойын жүзеге асырады. Педофил баланың үндей алмайтынын біліп, ойына келген ісін үнемі жүзеге асырып тұрған.

Бүгінде қылмыскер 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қылмыстық істі сот жабық отырыста қарайды. Алғашқы тыңдалым ағымдағы жылдың 30 қазанында өтеді.

Еске сала кетейік, Ақтөбе облысы Шалқар ауданының тұрғыны төрт жыл бойы кішкентай баланы зорлап келгенін хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/338035-aktobe-oblysynda-balany-4-zhyl-bojy-zorlagan-pedofil-agasy-bolyp-shykty.html