RU

Ғалымдар Есіктен табылған "Алтын адамның" есімін атады

Әзірбайжан ғалымы Есік қорғанынан табылған "Алтын адамның" есімі Сыңлы деп есептейді. Бұл туралы "Эхо" басылымы жазады деп хабарлады Алаш айнасы.

 

Еске сала кетсек, "Алтын адам" аталып кеткен сақ жауынгерінің немесе көсемінің сүйегі Есік өзенінің жағасынан 1969 жылы табылған болатын.

Әзірбайжан Ұлттық ғылым академиясы Археология және этнография институтының қызметкері Заур Гасанов қорғаннан табылған күміс ыдыстағы жазуды зерттегеннен кейін "Алтын адамның" есімі туралы қорытындыға келді.

Есік қорғанынан алынған заттағы руна жазуына Орхон-Енисей таяушығыстық таңбалары фонетикасы негізінде талдау жасау оның түркі тілінен шыққанын көрсетті.

Түпнұсқада "Dört bul küz Sınglıyı ır - "Dünyanın dörd (küncü) tərəfindəki tayfalar Sınqlıya nəğmə qoşur", Uş yüz yığ anta ıçır - "Üç yüz ağlar gözlü and içir" деп жазылған.

Аудармасы: "Дүниенің төрт бұрышынан Сыңлы тайпасы жырлайды. Үш жүз жоқтаушы ант-су ішеді".

"Біз бұл жазудың мағынасы осыны білдіретініне айғақ болатын Геродот еңбектері мен "Қытайдың Хань династиясы тарихын" қосқанда бірқатар грамматикалық, тарихи, әдеби куәліктер таптық", - дейді ол.

Гасановтың айтуынша, "Алтын адамның" Сыңлы деген мәртебесі хунну императорына тиесілі әйгілі құдіретті қылыш  "Чинг-лу" атауына сәйкес келеді.

"Алтын адам" табылған қорғандағы жазуда көсемнің төңірегіндегі тайпалар 4 цифрымен көрсетілген. Сонымен қатар, тайпалық одақ өкілдері үш жүзге бөлінген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/338078-galymdar-esikten-tabylgan-altyn-adamnyn-esimin-atady.html