RU

Бүгін еліміздің солтүстігі мен солтүстік-батысында қар жауып, бұрқасын борайды

Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында атмосфералық ағымдардың өтуінен кей жерлерде қар жауып, бұрқасын болады, қатты жел соғады деп күтілуде, ал еліміздің қалған аумағында күн ашық болады.

Бұл туралы  Қазгидрометке сілтеме жасап  bnews.kz хабарлайды.

Ақмола және Павлодар облыстарында кей жерлерде боран соғып, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 27, кей жерлерде 30 м/с-ке дейін жетеді.

Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында боран соғып, көктайғақ болады, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 27 м/с-ке жетеді.

Қарағанды облысында кей жерлерде тұман түсіп, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел соғады деп күтілуде.

Маңғыстау облысында күндіз кей жерлерде 15-20 мс/ жылдамдықпен жел соғады.

Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады деп болжануда.

Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында кей жерлерде тұман түседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/338377-bygin-elimizdin-soltystigi-men-soltystik-batysynda-kar-zhauyp-byrkasyn-borajdy.html