RU

Суретші инені бір мая шөп арасынан екі тәулікте іздеп тапты

Парижде көпшілікке танымал суретші өзінің перформансы барысында бір мая шөптің арасынан инені екі тәулік ішінде іздеп тапқан. Нью-Йоркте тұратын 27 жастағы суретші Свен Захзальбер перформансқа тегін қатысуға келіскен.

Ол өз жұмысы үшін гонорар алмаған, оған тек Нью-Йорктен ұшып келген жолақысы ғана төленген. Бұл туралы Алаш айнасы хабарлайды.

Инені бір мая шөптің арасына Palais de Tokyo қазіргі заман өнері мұражайының директоры Жан де Луаси жасырған. Оны іздеп табу екі күнге созылады деп болжанған. Күнде ешкімнің көмегінсіз 12 сағаттан жұмыс жасаған суретіш оны екінші күні тапқан.

Свен Захзальбер суретшіден шаңғышыға ойысып, мамандығын ауыстырған. Оның перформанстары әдеттен тыс, оғаш және қажырлы қылықтарымен ерекшеленеді.

Мысалы, ол улы саңырауқұлақтарды жеген, бір тәулікті сиырмен бір бөлмеде өткізген, жуан ағашты қоларамен кескен. Париждегі перформанс – 2012 жылғы Лондондағы Limoncello Gallery перформансын қайталау екенін айта кетейік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/340785-suretshi-ineni-bir-maya-shop-arasynan-eki-teulikte-izdep-tapty.html