RU

Нобель марапатының иегері тарихта алғаш рет оны бәссаудада сатты

ДНК құрылымын алғашқы ашушылардың бірі американдық ғалым Джеймс Уотсон Нобель медалін бейсенбі күні Нью-Йоркте Christie's бәссаудасы үйінде 4,1 миллион долларға сатты, деп хабарлады ресейлік "Жаңалықтар" агенттігі.

86 жастағы Уотсон өз наградасын сатқан Нобель сыйлығы лауреаттарының тарихында алғашқы адам болды. Сонымен қатар Уотсонның 1962 жылғы 10 желтоқсандағы Нобель комитетінде салтанатты рәсімде сөйлеген сөзінің тезистері 300 мың долларға, сондай-ақ оның дәрістерінің қолжазбалары мен шимай дәптерлері 200 мың долларға сатылды.

Бұдан бұрын ғалым түскен қаражатты қайырымдылық шараларына жұмсайтынын айтқан болатын.

"Мен Cold Spring Harbor зертханасына, Чикаго университетіне және кэмбридждік Clare College-ге жаңа қайырымдылық акцияларын жүргізетін сәтті асыға күтудемін, сөйтіп, үлкен идеялар мен парасаттылық бар академиялық ортаны сақтауға өз үлесімді қоспақпын", - деген болатын Уотсон.

2007 жылы ол Cold Spring Harbor зертханасы басшысы қызметінен кетті, онда ол 25 жыл бойы қатерлі ісік генетикасын зерттеумен айналысқан болатын. Уотсон 1962 жылы өзінің әрптестері Фрэнсис Крикпен және Морис Уилкинспен бірге ДНК молекулаларынның құрылымын ашқаны үшін физиология мен медицина саласында Нобель сыйлығын алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/343699-nobel-marapatynyn-iegeri-tarihta-algash-ret-ony-bessaudada-satty.html