RU

ІІМ полицейлер тоқтатуы мүмкін 8 себеп жазылған мәтінді алып жүруге кеңес берді

ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Игорь Лепеха өздерімен бірге көліктерінде полицейлердің тоқтатуының 8 себебі жазылған "Жол қозғалысы туралы" заң мәтінін бірге алып жүруге кеңес берді.

"Тоқтату мәселесіне келсек, ол "Жол қозғалысы туралы" заңда көрсетілген. Онда полиция қызметкері тоқтатуы тиіс 8 бөлім нақты көрсетілген. Негізгісі – ол әрине, жол қозғалысы ережесін бұзу. Шұғыл шаралар жүргізуге қатысты, "Рубеж" бекетіндегі шараларға қатысты бірнеше бөлімдер бар. 8 бөлім нақты көрсетілген, оны өздеріңізбен бірге алып жүрулеріңізге болады", - деп келтіреді ҚазТАГ брифингтегі Лепеханың сөзін.

"Біздің ведомствоаралық бұйрықтармен себепсіз тоқтатуға үзілді-кесілді тыйым салынады. Егер мен сізді тоқтатсам, мен сізге себебін түсіндіруім керек", - деп толықтырды ол.

Оның айтуынша, соңғы уақытта адамдар жол қозғалысы ережесін барынша сақтауға тырысуда.

"Оның нәтижесі, қазіргі таңда барлық бағыт бойынша апат саны төмендеп отыр. Өздеріңіз білесіздер, былтыр апат саны 70% өскен еді. Бүгінгі таңда соңғы 3 жылда алғаш рет ЖКО санының 13%-ға төмендегені анықталған, (Саны бойынша - ҚазТАГ) қаза тапқандардың 15%-ы шетелдіктер, ал бұл дегеніңіз 600-дей адам. Жараланғандар саны – 13,2%. Егер былтыр (жараланғандар – ҚазТАГ) 29 800 болса, онда мына жылы 25 900", - деп атап өтті Лепеха.

Сондай-ақ ол полиция қызметкері көліктердегі медициналық көмек қобдишасының құрамын тексермейтінін де жеткізді.

"Өткен жылдың соңында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі медициналық көмек қобдишасының құрамын қайта қарастырды. Бұл тек осы ведомствоға қатысты мәселе. Ал біз Әкімшілік Кодекске және ережеге сәйкес көлікте медициналық көмек қобдишасының болуын тексереміз. Бірақ осы қобдишада қандай дәрілік заттар сақталып жатқандығына қарамаймыз, бұл тұрғыда полицейдің жалғыз мақсаты қобдишаның автокөлікте міндетті болуына мән беру", - деп келтіреді Қазақпарат комитет басшысының сөзінАйта кетейік, 2015 жылғы 11 қаңтарға дейін қазақстандықтар автокөліктерінің алғашқы медициналық көмек қобдишасының жаңа құрамын Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығына сәйкес жаңартуы қажет.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/349143-iim-policzejler-toktatuy-mymkin-8-sebep-zhazylgan-metindi-alyp-zhyruge-kenes-berdi.html