RU

Қауіпсіздік белдігін тақпаған жолаушылар үшін жүргізуші жазаланады

Автокөлікте отырған адамдардың барлығы, тіпті артқы орындықтардағы жолаушылар да қауіпсіздік белдігін тағуға міндетті.

Бұл туралы брифинг барысында Астана қалалық ІІД Әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасары Сабыр Жүсіпбеков айтты.

Оның мәлімдеуінше көлікте отырған адамдардың барлығы қауіпсіздік белдігін тағуы керек деген ереже бұрыннан бар. Бұл заңды да. Қалада болсын, тас жолда болсын қауіпсіздік белдігін тағып отыру әр адамның қауіпсіздігі үшін қажет екенін жеткізді.

"Дегенмен қазір қала ішінде көп адамдар бұл ережені сақтай бермейді", - деді басқарма басшысының орынбасары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/349585-kauipsizdik-beldigin-takpagan-zholaushylar-yshin-zhyrgizushi-zhazalanady.html