RU

Қазақстанда ".kz" және ".каз" домендерінің бағасы қымбаттады

2015 жылдың 15 қаңтарынан бастап домендік атты сүйеуге тіркеу қызметінің тарифтік құнын тіркеу үшін жаңа тарифтер қарастырылады. 

Енді домендік аттарды тіркеушілермен ең төменгі тіркеу құнын бөлшек сауда үшін 3 мың теңге деңгейде және көтерме сатып алушылар үшін 2800 теңге мөлшерінде болады.

Соңғы жылдары доменттік аттарды интернеттің қазақстандық сегментінде тіркеуді тартымды ету үшін домендік аттарды тіркеу бағасын төмендету саясаты жүргізілген. Бұл туралы қазақстандық ІТ-компаниялар қауымдастығының президенті Нұрлан Исин мәлімдеді.

"2014 жылғы ақпандағы теңге девальвациясы, жекелеген тіркеушілердің домен аттарын тіркеу бағасын демпингтік төмендетудегі саясаты оны тіркеу құны домендік аттарды алып жүрудің өзіндік құнынан төмен болып кеткен жағдайға әкелді", - деп ол қадап айтты.

Нұрлан Исин атап өткендей, басқа елдердегі домендік аттарды тіркеу және сүйемелдеп отыру бағаларына жүргізген салыстырмалы талдама көрсеткендей, Қазақстанда тіркелген домен аттары аз болып отырғанына қарамай, мұндағы домен аттарын тіркеу (сүймелдеп отыру) ең арзан екен.  

Мысалы, Қазақстанда ".kz" және ".каз" домендік аттарды тіркеу құны 1400 теңге тұрса, Ресейде ".ru" және ".рф" - 2500 теңге, АҚШ-та ".us" - 2500 теңге, Францияда ".fr" - 2800 теңге, Үндістанда ".in" - 3 мың теңге, Қытайда ".cn" - 6500 теңге, Польшада ".pl" - 19800 теңге, Түркияда ".tr" - 35150 теңге тұрады.

"Аккредиттелген тіркеушілер арасындағы бәсекелестік тіркеушілердің ең төменгі үстеме қойып қызмет көрсетуі жағдайына әкелді, ал кейде тіркеу тарифінен де төмен бағамен қызмет көрсетуіне әкелді. Осындай жағдайда тіркеушілердің табатын кірісі қызмет көрсетудің өзіндік құнын ақтамайды, ол қызмет сапасына теріс әсер етеді, негізгі жабдықтарды дер кезінде жаңартып отыруға мүмкіндік бермейді және тіркеу нарығының сандық тұрғыдан да сапалық тұрғыдан да дамуын тежейді", - деді KazNIC директоры Павел Гусев.

Ондағы мәлімет бойынша, 2014 жылы домендік аттарды тіркеу және сүймелдеудің қызмет көрсету нарығында 15  тіркеуші компания жұмыс атқарған. 2014 жылғы 23 желтоқсанға ұлттық ".kz" және ".каз" домендерде тіркелген домендік атттардың жалпы саны 122 308 дана болған. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/349781-kazakstanda-kz-zhene-kaz-domenderinin-bagasy-kymbattady.html