RU

Жүргізуші белдік тақпаған жолаушыны тасымалдаудан бас тартпақ

Ішкі істер министрлігі қауіпсіздік белдігі бойынша талаптарды түсіндірді. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Егер көлік құралының конструкциясында қауіпсіздік белдіктері көзделмесе,  балаларды ұстау құрылғысын немесе баланы қауіпсіздік белдігінің көмегімен отырғызып қоюға мүмкіндік беретін өзге құралдарды пайдалану міндетті шарт болып табылмайды", - делінген хабарламда.

Осылайша, "Жол жүрісі туралы" заңға сәйкес 12 жасқа дейінгі балаларды  арнайы ұстау құрылғысы немесе баланы қауіпсіздік белдігінің көмегімен отырғызып қоюға мүмкіндік беретін, көлік құралының конструкциясында көзделген өзге де құралдар болмаған кезде тасымалдауға тыйым салынады.

Қауіпсіздік белдіктерін пайдалануға қатысты, Жол жүрісі қағидаларына сәйкес көлік жүргізушісі қауіпсіздік белдіктерімен жабдықталған көлікпен жүрген кезде белдікті тағуға және белдік тақпаған жолаушыларды тасымалдамауға міндетті.

Сонымен қатар, жасаушы зауыт қауіпсіздік белдіктерімен жабдықтамаған көлік құралы иесінің еркі бойынша мұндай көлік құралын жасаушы зауыттан ұсынымды немесе алдын ала техникалық сараптама қорытындысын алуды ескере отырып, қауіпсіздік белдіктерімен жабдықтай алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/351217-zhyrgizushi-beldik-takpagan-zholaushyny-tasymaldaudan-bas-tartpak.html