RU

ФИФА пенальтиді ойлап тапқан футболшының бейітін қалпына келтіреді

Халықаралық футбол қауымдастықтары федерациясы (ФИФА) он бір метрлік айып соққысын ойлап тапқан деп есептелетін ирланд қақпашысы Уильям Маккрамның бейітін қалпына келтіру шығындарын өз мойнына алды, деп хабарлады Лента.ру.

 Бұл туралы Ирланд футбол қауымдастығының Твиттердегі ресми микроблогында хабарланды.

"Милфорд" футбол клубында қақпашы болып ойнаған Маккрам 1890 жылы өз қақпасы маңында ойын бұзған команданы жазалау әдісін ойлап тапты.

Айып ретінде ирландтық футболшы пенальтиді - қақпа сызығынан 11 метрден айып добын соғуды ұсынды, оны орындау кезінде қақпашы ғана қорғайды.

Пенальти футбол ережелеріне 1891 жылы енгізілді. Футболдағы ойын бойынша нұсқаудың қазіргі нұсқасында 11 метрлік айып добын соғу 14-ші ережемен реттеледі.

Пенальти ойыннан шығарумен қатар қатаң жаза ретінде футболда қазіргі кезде де қолданылады. Уильям Маккрам 1932 жылы 21 желтоқсанда дүниеден өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/357509-fifa-penaltidi-ojlap-tapkan-futbolshynyn-bejitin-kalpyna-keltiredi.html