RU

Тоқылдаққа мініп ұшқан ақ тышқанның суреті әлемді таң қалдырды (фото)

Британиялық әуесқой фотосуретші Мартин Ле-Мэйге жыртқыш аңның құстың үстіне мініп ұшқан кезін түсіріп алған деп хабарлайды 24kz.

Артынша орнитолог Джейсон Форд ерекше кадрларды өзінің Twitter-дегі парақшасына жариялап, әлемге әйгілі етті.

Ақ тышқан қанаттыны жемек болып, оның үстіне шыққан кезде тоқылдақ ұша жөнелген. Әуеге көтерілгеннен кейін де жыртқыш аңнан құтыла алмаған құс ақыры қонуға мәжбүр болыпты.

Сол сәтте фотосуретші оларға араша түсіп, тоқылдақ жауынан аман-есен қашып үлгірген. Қос тіршілік иесінің аспанға көтерілген сәті бейнеленген фотосурет ғаламторға келушілердің үлкен қызығушылығын тудырды.

Ал фотошоптың әзілқой шеберлері оны өңдеп, түрлендірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/358492-tokyldakka-minip-yshkan-ak-tyshkannyn-sureti-elemdi-tan-kaldyrdy-foto.html