Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда жаңадан салынған тұрғын үйлердің бағасы шарықтады

Опубликовано:

Ақпан айында Қазақстанда жаңа тұрғын үйдің бағасы өткен аймен салыстырғанда біршама өсті.

Мұндай мәліметті Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті келтіріп отыр.

"2015 жылғы ақпанда өткен аймен салыстырғанда абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 0,4%-ға, жаңа тұрғын үйлерді сату және абаттандырылмаған тұрғын үйлерді алып сату бағалары - 0,2%-дан, ал абаттандырылған тұрғын үйлер - 0,1%-ға өсті", - делінген хабарламада.

Жаңа баспананың 1 шаршы метрінің орташа бағасы 223 668 теңгені, абаттандырылған тұрғын үйлердің 1 шаршы метрінің орташа бағасы 175 130 теңгені құрады.

Өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда жаңа баспананың құны 7,3% артты. Сонымен қатар, 2015 жылдың ақпанында тұрғын үйді сатып алу-сатудың тіркелген мәмілелерінің саны 12 282 құрады.

Бұл одан арғы айдың көрсеткішінен 7,9% артық. 2015 жылғы қаңтар-ақпанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 1,0%-ға артты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/358880-kazakstanda-zhanadan-salyngan-tyrgyn-yjlerdin-bagasy-sharyktady/

pixel