RU

Назарбаев отандық өнімді тұтынуға шақырды

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Елбасы қазақстандықтарды отандық өнімді тұтынуға қайта шақырды деп хабарлайды ҚазТАГ.

Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан "Нұр Отан" партиясының кезекті ХVІ съезінде мемлекет басшысы, партия лидері Нұрсұлтан Назарбаев "Біз қай кезде де отандық өнімдеріміздің тұрақты тұтынушысы болуымыз керек" деп мәлімдеді. 

"Біз кәсіпекерлерімізге үнемі айтып келеміз. Нарықтың кеңейуі мен мықты бәсекеге төтеп беруге дайын болу керектігін. Біз көрші елдермен экономикалық сауда-саттықтағы ашықтықты күні кеше ғана шығарып отырған жоқпыз. Бірнеше жылдан бері дайындық жұмыстарына ден қойып келдік. Ал енді өз кәсіпкерлерімізді қолдауда, біздің әрқайсымыз отандық өнімдеріміздің тұрақты әрі белсенді тұтынушымыз болуымыз керек. Бұл біздің бойымызда патриоттық рухымызды да қалыптастырып, жани түседі", - деді Назарбаев.

"Ресей рублі девальвацияға ұшыраған сәтте тегеурінді бәсекелестікке тап болып, біздің бәсекелестікке қабілеттігіміз төмен болды. Дұрыс па? Мен Еуразиялық экономикалық одақтың  құрылатындығын, оған дайын болу керектігін айтқан болатынмын. Барлық бизнесмендерді қазіргі уақытта осы жайтта үлгіге ала отырып, тәрбиелеу қажет", - деп келтіреді мемлекет басшысының сөзін Қазақпарат.

Сонымен қатар елбасы барлық сауда орындарында "Қазақстанда жасалған" атауымен арнайы бөлім ашуға тапсырма  бергенін әрі оның бос сөз, бос шақыру еместігін баса айтып өтті.

"Бұл барша қазақстандықтар үшін патриоттық акт. Барлығы өзіміздікі болғанын қаласақ, өзіміздің өнімді тұтыну қажет. Біздің өнімнің 100 пайыз экологиялық таза екендігіне кепіл беремін. Тіпті, ДСҰ-ның мәліметтеріне сәйкес, адам ағзасына барынша пайдалысы - дүниеге келген жерден өнген өнім, сол жердің суы", - деді президент.

Елбасы отандық өнімді тұтыну кәсіпкерлеріміздің бәсекеге қабілеттігін арттыра түсетіндігін айта келе, бизнесмендер де өнімдерінің балама тауарлардан сапасы кем болмауы тиістігін ескертті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/359213-nazarbaev-otandyk-onimdi-tytynuga-shakyrdy.html