Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Калориясы аз тағамдар ерте қартаюдан сақтайды

Опубликовано:

Калориясы төмен тағамдардан тұратын диета қартаю барысын баяулатып, өмірді ұзартады  деп хабарлайды 24 kz.

Ал таяуда Португалия ғалымдары осы тамақтану әдісінің іс жүзінде қалай жұмыс жасайтынын анықтады. Оның кезінде ағза жасушаларында ерекше үдеріс іске асады екен.

Жеңіл тағамдар жасушалардың ішіндегі ескі молекулаларды өңдеп жіберуге себеп болады. Егер олай болмай, бұл молекулалар жойылмаса, олар өзара бірігіп, жасушалар жұмысына едәуір кедергі тудырады.

Мидағы қартаю барысына жауап беретін бөлікте аз калориялы диета кезінде белгілі бір өзгерістер болатыны да анықталды.

Ғалымдардың мәлімдеуінше, диетаның осы түріне қатысты ашылған жаңалық Паркинсон және Альцгеймер ауруларымен күресте айтарлықтай алға басуға жол ашады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/361389-kaloriyasy-az-tagamdar-erte-kartayudan-saktajdy/

pixel