RU

Бір-біріне 100% ұқсайтын егіздер жұртшылықты таң қалдырды

Автралиялық егіздер Люси мен Анна Десинк бір-біріне 100 пайыз ұқсас. Олар мұндай ұқсастыққа қол жеткізу үшін 250 мың долларға ота жасатқан деп хабарлайды The Daily Mail.

28 жастағы бойжеткендер жапондық комедиялық телешоуға түсу мақсатында пышақ астына түсіпті. Операцияға дейін де егіздер бір-біріне қатты ұқсайтын.

Бірақ 100 пайыздық ұқсастыққа жетуді армандаған екеуі дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Нәтижесінде олардың екі адам екенін тіпті, компьютердің өзі анықтай алмады.

Айта кету керек, апалы-сіңлілер 1 минуттық айырмашылықпен туылған. Олар бір-бірінен мүлдем ажыраған емес, бірдей тамақ ішіп, бірдей киінеді.

Тіпті, екеуінің салмақтары да бірдей. Олар екеуара бір жігітті де бөлісіп алған. Оның есімі - Бен Бирн.

"Бұрын екеумізде бір-бір жігіттен болатын. Олар бізді шатастырып ала бергеннен кейін ыңғайсыз жағдайлар туындады. Сондықтан екеуміз бір ғана жігітпен достасуды жөн көрдік", - дейді егіздер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/364924-bir-birine-100-yksajtyn-egizder-zhyrtshylykty-tan-kaldyrdy.html