RU

Әлемдегі алып қоян жылына 7,5 мың долларға тамақ жейді (видео)

Дүние жүзіндегі ең үлкен қоян жылына 2000 сәбіз бен 700 алма жейді. Ал оның салмағы - 23 келі деп хабарлайды epochtimes.ru-ге сілтеме жасап 24.kz.

Алып қоян Дариустың ұзындығы - 1,3 метр. Дариус – құрлықтық алып тұқымының өкілі. Мұндай қояндар 4-5 жыл өмір сүреді.

Бірақ алып қоянның артынан өсіп келе жатқан ұрпағы Джефф жастығына қарамастан, қазірдің өзінде ұзындығы 1,12 метрге жетіпті және де ол әрі қарай өсуде екен.

Олардың иесі, Британия тұрғыны Амет Эдвардс осындай дене өлшемдері мен салмақтарына қарамастан, екі қоянның да өзгелерге зияны жоқтығын айтады.

Мұндай алып жануарлардың жейтін тамағына жұмсалатын ақша да аз емес екен. Эдвардстар олардың тек тамағына ғана бір жылда $7500 жұмсайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/365235-elemdegi-alyp-koyan-zhylyna-75-myn-dollarga-tamak-zhejdi-video.html