RU

Қазақстандық балалардың 70% порносайттарды көргенді жақсы көреді

Жасөспірімдердің жартысынан астамы ғаламторда тұрақты отырады. Қазақстандық ғаламтор қолданушылары порносайттар мен онлайн-казиноларға жиі кіретіні анықталды деп жазды Алаш айнасы.

Балалардың желідегі әрекетін бақылау бойынша жаһандық зерттеуге сәйкес, елімізде жасөспірімдердің 66 пайызы бір рет болсын порносайттарға кіргісі келген, 51 пайызы осындай чаттарда отырады және тағы 30 пайызы онлайн түрде құмар ойындар ойнаған.

Ал дүниежүзі бойынша ғаламтор өз қауіпін төндіріп тұрған қауіпті контентке Ресей тұрғындары жатады. Оларда жалпы халықтың 16 пайызы, Үндістан тұрғындарының 13,4 пайызы және Қазақстан 0,97 пайыз тұрғындары порносайттарға, құмар ойындарға кірген. Бірақ жағымсыз контентке кірген балалардың санына емес, сұранымның жиілігіне назар аудару керек деп жазды басылым.

Балаларға зиянды категорияларға деген сұраныстың жиілігі арқылы қазақстандық жасөспірімдердің неге қызығатынын білуге болады. Балалардың көбі құмар ойындарға қызығады, орташа есеппен бір қолданушы жылына қауіпті контентті 121 рет іздейді екен. Бұл көрсеткіш әлем бойынша есептелген сұранымдардан алты есеге көп екен.

Сонымен қатар, Қазақстандағы балалар "ішімдік, темекі, есірткі" категориясындағы сайттарға қызығады екен. Бұл 107 сұранымға сәйкес келген.

Сондай-ақ жастар тарапынан жасөспірімдер төбелесі, оқушылардың әлімжеттігі, сексуалдық күш көрсету секілді ғаламтордан көрген әрекеттерін өздері қайталауға деген ынтасының да жоғары екені байқалады.

Мамандардың сөзіне сенсек, жасөспірімдердің әрбірі ғаламтордан көрген нәрсесін өздері қайталауға деген ынтасы зор болатын көрінеді. Бірақ жасөспірімдеріміздің "порно" категориясына деген қызығушылығы әлем бойынша көрсеткішке қарағанда аса жоғары емес екен. Дегенмен мамандар ғаламтор үйімізде тұрған қатерлі тәрбие құралы екенін ескерте отырып, балаларды ғаламтордан аулақ ұстау қажет екенін айтады.

"Балаларды ғаламтордың тәрбиесінен аулақ ұстауға тырысуымыз керек. Жалпы қазір көптеген елдер порносайттармен аяусыз күрес жүргізіп, басым бөлігін жауып та тастады. Сондықтан бізге де балалардың санасына қауіпті сайттарды түгелдей өшіру артықтық етпес еді", - дейді психолог Маргарита Өскембаева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/365237-kazakstandyk-balalardyn-70-pornosajttardy-korgendi-zhaksy-koredi.html