Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаев Ішкі істер министрінің шенін жоғарылатты

Опубликовано:

Қазақстанда 7 мамырда мерекеленетін Отан қорғаушылар күні қарсаңында Нұрсұлтан Назарбаев «Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы» Жарлыққа қол қойды деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Ақорда сайтында жарияланған Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған қаулыға сәйкес генерал-лейтенант әскери атағы Бижанов Олег Әбутәліпұлына берілді.

Генерал-майор әскери атағы Ақтанов Қайрат Михаилұлына, Дәндібаев Тимур Тұрарұлына,Каскеленов Андрей Достаевичке, Мыңжанов Қайрат Тұрсынайұлына, Садықов Қайрат Әнуарбекұлына, Таласов Мұхамеджан Қадыржанұлына, Шпекбаев Руслан Нұртөлеуұлына берілді.

Авиация генерал-майор әскери атағы Қосанов Дәурен Жұматайұлына берілді.

Ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағы Ақшаев Асқар Артықбайұлына, Кенжебеков Ақдарбек Көкежанұлына, Кұрманәлиев Сәбит Тұңғышбайұлына, Мәжілов Нұрлан Тұрарбекұлына, Нұрсипатов Нұржан Нұрланбекұлына берілді.

Полиция генерал-полковнигі атағы Қасымов Қалмұханбет Нұрмұханбетұлына берілді.

Полиция генерал-лейтенанты арнаулы атағы Демеуов Марат Ғанұлына берілді.

Полиция генерал-майоры арнаулы атағы Әбләзімов Махсұдхан Нұғманұлына, Бақтыбаев Жанарбек Телібекұлына, Бисенқұлов Берік Байболұлына, Қожаев Марат Шәдетханұлына, Ұрымханов Мұрат Жәлелұлына берілді.

3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені Әбдіров Нұрғалым Мәжитұлына, Исадилов Мұратбек Кұсайынұлына, Миразов Ғабит Төреұлына, Тайымбетов Бағбанға, Тәшімбаев Тимур Ғазизбекұлына, Тілеуғалиев Ыбырай Әшімханұлына, Тоғызбаев Ғалымжан Исатайұлына берілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/749506-nazarbaev-ishki-ister-ministrininh-shen/

pixel