RU

Ақтөбе облысында төрт түлік мал қырыла бастады

Ақтөбе облысындағы Ырғыз ауданында енді мал қырылып жатыр.

Бірер күн ішінде аудандағы шаруа қожалықтары мен жекенің қолындағы малдардың басы ісініп, құлай бастаған. Қазір қырылған мал саны жиырма басты құрап отыр.

Мамандар төрт түліктің неден қырылып жатқанын тап басып айта алмауда. Олар өлекселерден сынама алып зерттемекші.

Айта кетейік, дәл осы Ырғыз ауданында бұған дейін киік қырылып қалған еді. Бірақ жергілікті билік малдың қырғынын әзірге онымен байланыстырып отырған жоқ.

«Киіктің қырылуымен нақты байланыстара алмаймыз. Оны әлі тексеру керек. Бұрын ауданда төрт түліктің мұндай көп өлген кезі болмаған еді», - дейді Ырғыз ауданының әкімі Мейірхан Дуанбеков.

Кеше төрт түлік малдың қырылуы Қостанай облысында да кездескен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/778606-aqtobe-oblysynda-tort-tulik-mal-qyryl.html