RU

Баян Есентаева шоу бизнестің ел білмейтін қыр-сыры туралы кітап жазбақшы

Продюсер әрі актриса Баян Есентаева енді қолына қалам алып кітап,  жазуды болашаққа жоспарлап отыр.

Бұл туралы Comode.kz хабарлайды.

"Мен жүрген салада өмір сүру үшін үнемі күліп жүруге тура келеді. Күндердің бір күнінде шоу бизнестің бүге-шүгесі туралы кітап жазамын. Мұхиттың жағасында, қызыл қалпақ киіп, қолыма қалам алып міндетті түрде жазатын боламын. Ал әзірге тек күліп жүретін кез»,- дейді Баян.

Қайнап жатқан өнер ортасында жүрген продюсер шоу бизнестің қыр-сыры мен ішкі асханасын қағаз бетіне түсіріп, өткен өміріндегі оқиғаларынан естелік қалдырмақ ниетте.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/778924-bayan-esentaeva-shou-biznestinh-el-bilme.html