RU

Өскемен ауруханасында кене шаққандар күн санап артуда

Елдің шығысында кене қаптады! Әсіресе, Өскеменде қырым қанды безгегін таратушылардың саны екі есеге артқан. «Кене шақты» деп ауруханаға келіп жатқан адамдар да көбейді. Сәуір айынан бері 3 мың тұрғын дәрігерге қаралған деп хабарлайды КТК арнасы.

Оның 5-уінен қатерлі энцефалит дерті анықталып отыр. Қазір барлығы да дәрігерлердің жіті бақылауында. Ең қауіптісі, биыл кене шабуылы қала ішінде де қаптаған. Әсіресе улы жәндік күн ысыған сайын күшейіп жатыр.

Былтыр өңірде кенеден 24 адам зардап шеккен болатын. Эпидемиологтар тұрғындарды сақ болуға шақыруда. Бір қуантарлығы, дәрігерлер жәндіктің уын қайтаруға қауқарлымыз дейді. Тек ол үшін науқас дер кезінде көмекке келуі тиіс.

"Кене биыл қаланың ішінде де шағып жатыр. Бізге осы жазғытұрым күніне 5-6 адам қаралады", - дейді Өскемен қалалық №2 аурухана бас дәрігерінің орынбасары Қуаныш Бимағанбетов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/796887-oskemen-aurukhanasynda-kene-shaqqanda.html