Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ОҚО-ның бас имамы ауызашарда "жұпыны емес дастархан" жаю туралы айтты

Опубликовано:

Ауызашардың берілуіне берекелік керек. Жамағаттың дастарханы жұпыны емес, жұмсалған ақшаға сай болуы қажет. ОҚО-ның имамының осындай талабынан кейін кейбір мешіттің жамағаты шу көтерді деп хабарлайды bnews.kz.

Жайылған дастарханның ас-мәзірі әрбір адам басына мың теңгеден кем болмауы тиіс дегенді түсінбегендер көп болды.

Бас имамның бұл шешімін кейбіреулер мешітті жалға берумен теңесе, ендібірі қаржы табудың оңай жолы десті.

Ал Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының облыс бойынша өкіл имамы бұл талабын сауап іс жасаушыларға жасалған жағдай деп түсіндірді. Осылайша, ауызашар беруді бір ретке келтіруді көздепті.

«Біз осы бастамаға қарсы сөздер, басқалар болатынын білдік. Десе де осыны қолға алайық. Әсте-әсте осы нәрсе ретке келсін. Ел түсінетін болсын. Ауызашар беру үшін мүмкін болғанша дұрыс жерлерді таңдау керек. Менің ешқандай ондай тапсырмам жоқ. Жалпы, ауызашар берушінің көңілінен шығатын жағдай жасау. Мақсат — сол ғана»", - дейді облыстық мешіттің бас имамы Ахметжан Керімбек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/797135-zhamaghattynh-dastarkhany-zhumsalghan-aqsh/

pixel