Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазан қаласының тұрғындары Назарбаевтың атына көше беруге қарсы шықты

Опубликовано:

Татарстан астанасы Қазанда Нұрсұлтан Назарбаев атындағы көше ашылғанын хабарлағанбыз. Алайда, бұрынғы Эсперанто көшесінің тұрғындары көше атауын Назарбаев атына ауыстыруға қарсы шықты.

Бұл туралы "Вечерняя Казань" басылымына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Өткен жұмада көше тұрғындары атқарушы комитет басшысы Денис Калинкинге көшенің бұрынғы атауын өзгертпеу туралы хат жазбақ болған. Алайда, олар сенбі күні өз үйлерінде Назарбаевтың есімі жазылған тақтайшалардың ілінгенін көреді.

«Біз қатты таң қалып тұрмыз. Белсенділер тобы Рустам Миннихановқа хат жазып, мұндай әрекеті арқылы басшылықтың халық көңіліне қаяу түсіргенін айттық. Тұрғындардың пікірін сұрамай, басшылықтың мұндай қадамға барғанын түсіне алар емеспіз. Біз көше атауын өзгертетінін тым кеш естіген соң, митинг ұйымдастырып үлгере алмадық», - дейді бұрынғы Эсперанто, қазіргі Назарбаев көшесінің тұрғыны Наиля Авазова.

Тұрғындар бір түннің ішінде көше атауын өзгертіп, үйлерге Нұрсұлтан Назарбаев көшесі деген тақтайшалардың ілінгеніне қарап, мұны алдын-ала жоспарланып, дайындалған қадам деп отыр.

Бүгінде тек Эсперанто көшесінің ғана емес, барлық Қазан тұрғындары көше атауына Назарбаев есімінің беруліне шамданып, қарсылық танытуда.

Қазандықтар интернетте қол жинап, Татарстан президенті Рустам Миннихановқа, қала мэрі Ильсур Метшинге, Татарстандағы қазақ ұлттық-мәдени автономиясының басшысы Сағит Жақсыбековке хат жазуда.

Олар Назарбаевқа үлкен құрметпен қарайтынын, алайда, Эсперанто көшесінің атауын Қазақстан президентінің есімімен өзгертпеуді талап етуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/804259-qazan-qalasynynh-turghyndary-nazarbae/

pixel