RU

Бейбіт Назаров қызыл диплом иегері атанды

Панкратионнан Еуразия чемпионы Бейбіт Назаров қанжығасын алтын медаль емес, қызыл дипломмен толтырды деп жазды baistars.kz.

Бакалаврдың биігіне көтерілген ол Спорт және туризм академиясын тәмамдап, дипломды мамандардың қатарын толықтырды.

Алматы облысының тумасы - джиу-джитсудан жастар арасында Қазақстан чемпионы, ережесіз жекпе-жектен Азия чемпионы. Көптеген халықаралық турнирлердің жеңімпазы, WAFC тұжырымы бойынша панкратионнан 75 келі салмақта Еуразия чемпионы.

Осы күнге дейін 12 рет жекпе-жекке шығып, барлығында жеңіс тұғырынан көрінді. Тағы бір айта кетерлік жайт, Бейбіт - ережесіз жекпе-жектен әлемнің үш дүркін чемпионы Ардақ Назаровтың туған інісі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/805812-beybit-nazarov-qyzyl-diplom-iegeri.html