RU

ШҚО-да түн ортасында жарқырап жанатын көл табылды (видео)

Аягөзде түн ортасында жарқырап жанатын көл табылды. Бұл туралы «Қазақстан» арнасы хабарлайды.

Су айдыны Балқаш пен Аягөздің арасында жатыр. Ерекше құбылыс жылдың бір ғана мезгілі - шілде айының ортасында болады екен.

Бұл көл неге түнде жарқырайды? Су түбіне фосфор шөгіндісі жиналып қалған ба, әлде, көл жалтырауық жәндіктердің әсерінен көк түске бояла ма?!

«Түнде жанатын себебі - көлде жарқырауық шаяндар бар»,  - дейді су жағасындағылар. Ал бұл жәндіктер Тынық мұхитында мекендейтін болып шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/816583-shqo-da-tun-ortasynda-zharqyrap-zhanatyn.html