RU

Димаш Құдайбергенов: Суыма ұйықтататын дәрі қосыпты

13 шілде күні  Белоруссияның Витебск қаласында өткен «Славян базары» халықаралық фестивалінде бас жүлдені қанжығасына байлап еліміздің атын асқақтатқан Димаш Құдайбергенов байқау барысында ішіп жүрген суына ұйықтатын дәрі қосып қойғанын айтты деп жазды kazakhstanzaman.kz.

"Үшінші күні концертке бір сағат қалғанда мынадай бір оқиға болды. Ішіп жүрген суымды гримеркада тастап 5 минутқа сыртқа шығып кетсем суыма ұйықтататын дәрі қосып қойыпты. Мұны кім жасағанын әлі де білмейміз. Суды ішкеннен кейін басым айнала бастап өз-өзіме келе алмадым. Ұстазым Майра Дәулетбақ басыма, қолыма массаж жасап өзіме келуге көмектесті. Тамағым ауырып, басым айналып тұрса да сахнаға шығуға мәжбүр болдым. Аллаға шүкір иманы бар жігіттердің қатарынанмын, сахнаға шығуға 5 минут қалған кезде Фатиха, Ыхлас сүрелерін оқып, бір Аллама сиынып шықтым", - дейді Димаш.

Сондай-ақ әнші жігіт байқау барысында қиындықтар өте көп болғанын, үш күндік байқауды ауырып жүріп өткізгенін айтады.

"Мен барған кезде бірден суық тиіп ауырып қалдым. Үш күн қатарынан гидрокортизон деген препаратпен дауысымды бес сағатқа қалпына келтірді. Бес сағаттан кейін препараттың күші кетіп дауысың одан сайын нашарлап кетеді. Үш күндік байқауымды осылай ауырып жүріп өткіздім", - дейді Құдайбергенов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/833987-dimash-qudaybergenov-suyma-uyyqtata.html