RU

Алматы облысынан шыққан қылмыс әлемінің ірі беделдісі көз жұмды

ШҚО-дағы жол апатынан Бақыт Каримов қайтыс болды. Ол, Алматы облысынан шыққан қылмыс әлемінің ірі беделдісі, Баха Үшарал лақап атымен белгілі болатын деп хабарлайды Today.kz.

Оқиға тамыз айының 21 - нен 22 - не қараған түні, Үржар ауылынан 20 шақырым жерде, республикалық автожолда болған. Анықталғандай аударылған "Лексус-570" автокөлігінің ішінде үш адам болған. Жүргізуші жеңіл жарақат алған, артынша жедел жәрдем қызметкерлерінің қарауында болып, ауруханаға жатудан бас тартқан. Тағы біреуі қазіргі кезде ауруханада жатыр. Ал екіншісі қайтыс болған.

"Аталған ЖКО бойынша қылмыстық іс қозғалып, 345 бап (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша бірнеше сараптамалық жұмыстар тағайындалды", - дейді ШҚО ІІД басшысының баспасөз қызметшісі Бақытжан Торғаев.

Торғаевтың айтуынша, сол жерде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан, жүргізуші түнде орнатылған жол белгілерін дұрыс көре алмай, сол себебті автокөлік аударылған.

Ал жолаушы Бақыт Каримов көптеген жарақаттар алып, Үржар ауылдық ауруханасына жеткізілген, алайда сол жерде есін жинамастан бақилық болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/865111-almaty-oblysynan-shyqqan-qylmys-alemn.html