RU

Қазақстандық қыздарға "денсаулыққа зияны мол" қысқа юбка мен джинс шалбар кимеу ұсынылды

Қазақстандағы қыздар мен бойжеткендер киіп жүрген киім олардың денсаулығына аса зиян.

Бұл туралы Намыс порталы жазады.

"Қысқа етек! Тар киім! Шорты-порты! Осылардың қыз баланың өміріне өте-мөте зиян екенін медициналық, физиологиялық, анатомиялық, қоғамдық-әлеуметтік тұрғыдан жан-жақты ғылыми түрде зерттеп, елге ұсына алатын бір журналист бүгін ауадай қажет болып тұр. Өйткені көшелер қаптап кетті. Солардың бірі қарындасымыз, бірі қызымыз емес пе? Не деген немқұрайлылық!", - деп жазады автор.

Мысалы, джинс шалбар қыз баланың омыртқасына өте зиян екенін бүгінде біреу білсе, біреу білмеуі мүмкін.

"Қысқа етек киетін, ешқашан ұят туралы ойламайтын қыздардың бойынан әйелге тән гармониялардың да азайып кететіні мәлім. Нәзіктік жоғалады, дауыс жуандайды, сыпайылық мінез жойылады, ұрысқақтық пен ашушаңдық қалыптасады, дөрекі сөздер қысылмай айтылады, нәпсіқұмарлық ерекше дамиды, бөтен еркектен қымсыну мінезі кетеді", - деп жазады мақала авторы.

Киім – адамның ішкі рухының көрінісі саналады. Ішінде не болса, адам соны киген киімі арқылы да сыртқа паш етеді. Қазақтың иманды, ибалы, ары таза, пәк қыздары киіміне міндетті түрде мән беруі керек.

"Бұл айтылғандар біздің жеке ойларымыз ғана. Бірақ осы тақырыпты жақсылап тұрып зерттеп, халыққа түсіндіру нағыз күн тәртібіндегі мәселе деп ойлаймын. Қазақ қыздарының тағдырын өз ағалары уайымдамаса, өзгелер келіп, біздің жоғымызды түгелдеп бермесі хақ", - дейді автор.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/873444-qazaqstandyq-qyzdargha-densaulyqqa-z.html